Отандық автокөлік өнеркәсібін шағын торапты құрастырудың өсуіне баса назар аудара отырып дамыту

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев, Өнеркәсіптік инвесторлар одағының президенті Қайрат Еламанов, сондай-ақ Қазақстанның автокөлік одағы президенті Анар Мақашева Қазақстандағы машина жасау саласының дамуы туралы баяндады.

Атап айтқанда, Қанат Шарлапаев бүгінгі таңда қолжетімді қаржы құралдарын құру, жаңа технологияларды енгізу, мамандар даярлауды күшейту, жергілікті қамтуды арттыру және экспортты ілгерілету арқылы машина жасау кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттері тұрғанын атап өтті. Нәтижесінде, 2028 жылға қарай машина жасау өнімдерін өндіру көлемін 2 есеге арттыру жоспарланып отыр.

Биыл шағын торапты құрастыратын көліктер өндірісін арттыруға баса назар аударылып келеді. Сонымен қатар пластикалық бұйымдар, дөңгелектер шығару, болашақта автомокөлік өндірісінде отандық металды пайдалану жоспарлануда.

Қанат Шарлапаев Қазақстан автокөлік өнеркәсібіне арналған жоғары сапаны бақылауды талап ететін кабельдер мен аккумулятор өнімдерін шығаратын жаһандық жеткізу тізбегінің бір бөлігіне айналып отырғанын баса айтты. Сонымен қатар отандық тауар өндірушілер аймақтық нарықта бәсекеге қабілетті болу үшін құзыреттілігін арттыруы қажет.

Өз кезегінде Мейрам Пішембаев саланы одан әрі дамыту мақсатында бекітілген, негізгі 7 бағыт бойынша 79 іс-шараны қамтитын Машина жасауды дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Онда отандық тауар өндірушілерді шикізатпен және қолжетімді қаржыландырумен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған.

#Баспасөз конференциясы

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу