Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Бірінші және екінші санаттағы елдерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру тоқтатылды — Е. Тоғжанов 

Дүйсенбі, 02 Наурыз 2020, 13:53:58

ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша Үкіметтің қабылдап жатқан шаралары туралы айтып берді. 

Е. Тоғжанов атап өткендей, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Қытайда пайда болған коронавирустың Қазақстан аумағына таралуына жол бермеу жөнінде Үкіметке нақты ұйымдастыру шараларын қабылдауды тапсырды және жағдайды өзінің жеке бақылауында ұстап отыр.

«Премьер-Министр Үкімет отырысында бұл мәселені күн сайын қарауда. Арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген. Аталған мәселені жіті қадағалауда ұстау мақсатында құрылған Үкіметтік ведомствоаралық комиссия тұрақты жұмыс атқарып, күнделікті қажетті шаралар бойынша нақты шешімдерді іске асырып отыр», — деді вице-премьер.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін 11 отырыс өткізіліп, тиісті органдарға 110-нан астам тапсырма берілді.

Сонымен қоса, вирустың таралу аймағы қысқа мерзім аралығында жылдам артқанын атап өтті. Бүгінгі таңдағы мәліметке сәйкес, вирус әлем бойынша 88,4 мың адамға жұққан, 3 мың адам қайтыс болып, 42,8 мыңнан астам адам жазылып шыққан. 

Әлемде жағдайдың ушығуына байланысты, Үкімет бірқатар қосымша шараларды қабылдады.

Мәселен, ҚХР-мен жолаушылар автобусының тасымалы, жолаушылар пойызының тасымалы мен әуе қатынастары, жаяу өту тоқтатылды. 

ҚХР-дан жүк тасымалын жүзеге асыратын автомобиль көліктерінің жүргізушілері үшін (27.02.2020 жағдай бойынша 22 автомашина) медициналық бақылау алгоритмі белгіленді. Бүгінде барлық жүк тасымалы тек темір жол арқылы өтеді. 

«Біз шекарада барлық қажетті санитарлық шараларды қабылдадық. Қазақстан аумағына кіретін адамдарды, оның ішінде машиналарды шектеу бойынша шаралар қабылданды. Олардың ешқайсысы мұнда келмейді. Автомобиль жүк тасымалына қатысты нақты шаралар қабылданды. Соңғы тәуліктерде небәрі 10 автокөлік өтті. Яғни, біз олардың санын азайттық», — деді вице-премьер.

Е. Тоғжановтың айтуынша, бұл шаралар Қазақстан–Қытай өзара қарым-қатынастарының экономикалық құрауышына қарсы, бірақ олар қазіргі жағдайда өте маңызды. 

«Экономика мәселесі – бұл аса маңызды мәселе. Алдын ала мәліметтер бойынша, тек Қытай бойынша 1%-ға дейін төмендеу күтіледі. Егер Қытайдың әлем экономикасындағы 24% үлесін ескерсек, әрине, бұл мәселе көптеген елдерге, оның ішінде Қазақстанға да қатысты болады. Алайда ауқымды экономикалық зиян шегетінімізді түсіне отырып, біз адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулығына нұқсан келтіруге құқымыз жоқ. Біз үшін бұл мәселенің экономикалық құрауышынан гөрі, адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулығы маңыздырақ», — деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Сонымен қатар, биыл 1 наурыздан бастап Корея Республикасымен тұрақты әуе рейстерінің саны 9-дан 3-ке дейін қысқарды. 1 наурыздан бастап Иранмен жалғыз әуе рейсі тоқтатылды. 5 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан – Токио әуе рейстері 2-ден 1-ге дейін қысқартылады. 5 наурыздан бастап Әзербайжанмен әуе рейсі аптасына 15 реттен 3-ке дейін шектеледі, бұл Баку рейсімен Қазақстанға Иранға баратын Иран және Әзербайжан азаматтарының өтетіндігімен байланысты. 

Сонымен қатар Е. Тоғжанов үшінші елдер арқылы бірінші санаттан азаматтардың келуі ерекше медициналық бақылауға алынғанын атап өтті. Бірінші және екінші санаттағы елдер үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру тоқтатылды. 

Вице-премьердің айтуынша, қазақстандық студенттерге қатысты жақсы жағдай қалыптасқан, олардың көбісі демалыс уақытында Қазақстанда жүр. Олардың саны шамамен мың адамды құрайды. Студенттердің барлығына Оңтүстік Кореяға шықпауға кеңес берілді. ҚР БҒМ-ге орын алған жағдайды ескере отырып, аталған ЖОО-лардың басшылығымен оқыту мерзімін созу туралы келіссөз жүргізу туралы нақты тапсырмалар берілді. 

Е. Тоғжанов вирусқа қарсы шараларды орындауға үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырды. 

«Құрметті отандастар, біздің әрқайсымыз міндетті түрде өз үйімізде, жұмыс ортасында, әлеуметтік ортада вирусқа қарсы қатаң шараларды орындауымыз қажет. Бұл Үкіметтің ғана емес, әрбір отбасының, әрбір мемлекеттік органның, әрбір ұйымның жауапкершілігі», — деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Сонымен қатар, ол әлеуметтік желілер арқылы таратылатын жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды. Жалған ақпарат таратқаны үшін заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған.

«Мен осы мәселеге барлықтарыңыздан өте байыппен қарауды сұраймын және жалған ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке дейін тиісті жауапкершілік қарастырылғанын ескертемін», — деді Е. Тоғжанов.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:55
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:50
Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары, мектептер салу және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — ШҚО-да 2020 жылы қандай жобалар іске асырылды
04 Мамыр 2021, 19:32
Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
04 Мамыр 2021, 19:29
Серік Егізбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
04 Мамыр 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады
04 Мамыр 2021, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.05.2021
04 Мамыр 2021, 13:34
2021 жылы шағын несиелеумен 24 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі қамтылады — Ә. Ерғалиев
04 Мамыр 2021, 13:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №259 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №253 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №258 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі №256 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №244 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №248 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №247 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №246 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №239 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 11:47
Қазақстанда 1,5 млн жуық адам немесе вакциналауға жататын тұрғындардың 15% вакцина алды — ҚР ДСМ
04 Мамыр 2021, 11:32
Ержан Мейрамов ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы болып тағайындалды
04 Мамыр 2021, 10:02
Үкімет ШОБ-ты қолдау шараларын қарады 
04 Мамыр 2021, 09:45
Халықты вакциналау қарқынын арттыру қажет — А. Мамин
03 Мамыр 2021, 14:57
4 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
02 Мамыр 2021, 10:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №110
01 Мамыр 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады
30 Сәуір 2021, 18:35
АМСК көрсету, дәрігерлердің жалақысын арттыру және COVID-19-ға қарсы күрес — А. Цой Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесінің дамуы туралы айтты
30 Сәуір 2021, 16:36
Мемлекет басшысы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты
30 Сәуір 2021, 15:16
ЕАЭО пандемиядан кейінгі қалпына келу кезеңіне өтуде — А. Мамин
30 Сәуір 2021, 12:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі №220 Қаулысы
30 Сәуір 2021, 12:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі №213 Қаулысы
29 Сәуір 2021, 11:53
Роман Скляр орман-дала өрттерінің алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша тапсырмалар берді
29 Сәуір 2021, 10:30
Әкім лауазымына кандидатураны ауыл тұрғындарының өздері ұсына алады — Ә. Әбдіқадыров 
28 Сәуір 2021, 23:21
Қазақстан мен Ресей 2021-2025 жылдарға арналған Экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасын қабылдады
28 Сәуір 2021, 18:19
Мемлекет басшысы ArcelorMittal компаниясының атқарушы төрағасы Лакшми Митталды қабылдады
28 Сәуір 2021, 18:19
А. Мамин «Arcelor Mittal» басшысы Л. Митталмен кездесті
27 Сәуір 2021, 23:18
Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады
27 Сәуір 2021, 23:14
Мемлекет басшысының өкімімен Әсет Шындалиев Бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды
27 Сәуір 2021, 20:34
Мемлекет басшысы бірқатар елдің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
27 Сәуір 2021, 18:39
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.