30 мыңнан аса жаңа жұмыс орындарын құру, ауыл инфрақұрылымын жақсарту — Р. Дәленов Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жоспары туралы

 

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ұлттық экономика министрі Р. Дәленов Президент Қ. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Іс-қимыл жоспары ведомствоның құзыретін жататын көптеген мәселелерді қамтитынын атап өтті. Бұл - табысты кәсіпкерлік, тиімді қаржы жүйесі, мықты өңірлер, тиімді мемлекеттік басқару және динамикалы экономика. 

Министрдің айтуынша, табысты кәсіпкерлік үшін «Бизнестің жол картасы-2025» Мемлекеттік бағдарламасы қабылданатын болады. «БЖК-2025» аясында ШОБ саласында 30 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары құрылады, 100 мың кәсіпкер оқытылып, оларға кеңес беріледі. ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 2025 жылы 35% құрайтын болады. 

«Бизнестің жол картасы-2025»  бағдарламасында несиелендіру көлемі ұлғайтылады. Мысалы, айналыстағы қаражатты несиелендіру көлемі 60 млн теңгеден 360 млн теңгеге дейін арттырылады. 

Бағдарламаға екінші деңгейлі банктер ғана емес, шағын қаржы ұйымдары да қатысады. Франшизалар алу мен қайта қаржыландыру бойынша несиелердің мақсатты арналуы кеңейтіледі. Жаңа бизенс-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант көлемі 3 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін ұлғайтылады. 

«Біз мемлекеттік бағдарламалар бойынша барлық шараларға, салық, кеден, кәсіпкерлік кодекстеріндені барлық жеңілдіктерге олардың тиімділігін арттыру үшін талдау жасайтын боламыз. Аса қажетті шаралар арттырылады», — деді  Р. Дәленов.

Жаңа инвестицияларды тарту мақсатында салық салу және салықтық әкімшілендіру, атап айтқанда, инвестициялық салық несиесі жетілдіріледі. Сонымен қатар адал бәсекелестікке тосқауыл болатын барлық кедергілерге ревизия жасалады. 

«Кәсіпкерлердің адалдығы презумпциясын» қарастыратын заңнамалық нормаларға бастама жасалады. Яғни, барлық айқынсыздықтар мен реттелмеген мәселелер заңнамада кәсіпкерлердің пайдасына қарай шешілетін болады. 

Тиімді қаржы жүйесі

Қор нарығын дамыту арқылы азаматтардың табыстары мен бизнесті қаржыландыруды кеңейту жоспарланған. Оның ішінде, азаматтарды ұлттық компаниялардың ІРО-сына қарқынды тарту көзделген.  

Бюджеттің мұнай түсімдеріне тәуелділігін жою бойынша шаралар әзірленуде. Заңнамалық бастамалар да банк активтерінің сапасын жақсартуға бағытталады. 

 

Мықты өңірлер

 

Биыл 2030 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамудың Болжамдық сұлбасы әзірленеді. Онда әрбір өңірдің демографиясы, инфрақұрылымы бойынша болжамдар көрініс табады.

Маңызды жобалардың бірі - «Ауыл – ел бесігі», ол ауылда өмір сүру сапасын жақсартуға, қажетті әлеуметтік игіліктерге қолжетімділікке, ауыл аумақтарын жаңғыртуға бағытталған. Биыл өңірлік стандарттар енгізіледі. Әрбір ауыл, шағын қала минимальді стандарттарға дейін көтеріледі: мәдениет нысандары, медпункттер, жол, мектеп болады. Тірек ауылдары (аудан орталықтары) мен жақын серіктес ауылдар іріктеледі. Міндет - 2025 жылға дейін Жобамен 6,5 млн (ауыл халқының 83%) ауыл тұрғынын жақсартылған инфақұрылыммен қамту.  

Тиімді мемлекеттік басқару 

Мемлекеттік басқаруды жақсарту бойынша жұмыстар атқарылуда. Бірінші кезекте, бұл бюджет қаражатын пайдалану бойынша тұрғындардың алдында есептілікті арттыру. Сонымен қатар ұлттық холдингтер мен компаниялардың қоғамға есептілігі мен бақылануының тетігі әзірленеді. Бюджет барынша нәтижеге бағдарланады. 

Динамикалы экономика

Динамикалы экономиканың негізгі міндеті - тұрғындардың нақты табысының өсуі. ҚР ҰЭМ еңбек өнімділігін арттыру, шикізаттық емес экспортты өсіру бойынша шаралар қабылдауда. Экспорттық әлеуетті дамытуға проактивті тәсіл 2018 жылы $61 млрд-қа дейін өсіруге мүмкіндік берді. 2018 жылы негізгі капиталға инвестициялар ЖІӨ-нен 18,9% құрады. ТШИ жалпы ағымы — $24,3 млрд. Еңбек өнімділігі 6 млн теңге/адамды құрады.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу