Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы: 2025 жылдың басынан бері 80 мың шетелдік емделу үшін еліміздің медициналық қызметіне жүгінген

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, денсаулық сақтау вице-министрі Ардақ Амангелдиев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов және МСӘҚ басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенованың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Жиын барысында Ақмарал Әлназарова 2025 жылдың басынан бері еліміздегі медициналық мекемелерге 80 мыңнан астам шетелдік емделуге келгенін айтты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Министр медициналық туризм еліміз үшін де, басқа мемлекеттер үшін де қосымша қаржылық табыс көзі екенін атап өтті. Сондықтан министрлік тарапынан бұл салаға ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстан кардиохирургия, нейрохирургия, стоматология сияқты кейбір салалар бойынша халықаралық деңгейге жетті.

Ақмарал Әлназарова қазан айында Өзбекстанда қазақ медицинасы күндері өтетінін хабарлады. Сонымен қатар олар тек Ташкентте ғана емес, қазақстандық дәрігерлер делегациясы Қарақалпақстан, Бұхара, Самарқанға бармақ. Жыл соңына дейін мамандар Тәжікстанға да баруды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар денсаулық сақтау министрі елімізде зейнетақыны пайдалана отырып, емделу ақысын төлеуге тыйым салуды кеңейту жоспарланбағанын айтты. Қазақстандықтар жинақталған зейнетақы қаражатын 7 емдеу түріне, орфандық аурулар, офтальмологиялық операциялар, реконструктивті операциялар және басқа да бағыт бойынша пайдалана алады.

#Баспасөз конференциясы

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу