Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы: қазақстандық спортшылар XXV қысқы Олимпиада ойындарына дайындалуда

ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Онда Ербол Мырзабосынов қазақстандық спортшылардың 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына дайындық барысы туралы айтты. 

Министр жарысқа 93 елден 3 мыңға жуық спортшының қатысуы жоспарланып отырғанын атап өтті. Барлығы 116 марапат жиынтығы ойналады. Қазақстанның ұлттық командасы 10 спорт түрінен 58 медаль жиынтығына таласады

2025 жылы министрлік жоғары нәтижелерге қол жеткізу мақсатында спорт федерацияларымен бірлесіп ұлттық команданы даярлаудың кешенді жоспарын әзірледі. Жоспар шеңберінде жаттығу сабақтары, медициналық-психологиялық көмек, қаржылық қолдау, қажетті спорттық құрал-жабдықтар, тамақтану және білікті жаттықтырушылармен жұмыс қамтамасыз етілді. Ойындарға сапалы дайындық жасау мақсатында қысқы спорт түрлері бойынша ұлттық командалар 178 оқу-жаттығу жиынын өткізді. Сонымен қатар біздің спортшылар 125 халықаралық жарысқа қатысты

Ербол Мырзабосынов «Астана» футбол клубын жекешелендіру мәселесіне де тоқталды. Министр футбол клубына инвестор табылғанын, бірақ оның атын әзірге жария етпейтінін айтты. Сонымен қатар, бүгінде бес футбол клубы коммерцияландырылған, тағы жетеуі инвесторлар іздеу үстінде.

Сондай-ақ, Қызылорда облысының «Қайсар» футбол клубы 30 қазаннан бастап ресми түрде жекеменшікке басқаруға берілді.

#Баспасөз конференциясы

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу