17 Желтоқсан 2025, 18:30
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әміриннің, қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың және ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Азат Сұлтанов баспасөз мәслихатында 2025 жылдың 11 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 6,1%-ға артып, 9,2 трлн теңгені құрағанын хабарлады.
Ол өсім мал шаруашылығындағы өндіріс көлемін 3,5%-ға, өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемін 7,6%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілгенін атап өтті.
Дәстүрлі дақылдардың тұрақты жоғары өнімділігіне қарамастан, биыл майлы дақылдар мен бұршақ дақылдары айқын өсу нүктелеріне айналды. Осылайша, 1,1 млн тоннадан астам көлемде бұршақ дақылдарының рекордтық өнімі алынды.
Ержан Біржанов шетелдіктерге сатып алу үшін ҚҚС қайтаруға мүмкіндік беретін Tax free жобасын еліміздің барлық облыс орталықтарына таратуды жоспарлап отырғанын атап өтті. Пилоттық жоба үш қалада өтті, енді туристерді көбірек тарту үшін оны 20 қалаға дейін ұлғайтуға ниетті.
Вице-министрдің айтуынша, ведомство жақын арада бұл туралы хабарландыру жасайды. Жүзеге асыру келесі жылы жоспарлануда.
#Баспасөз конференциясыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу