21 Мамыр 2024, 19:40
Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу алынып тасталуы мүмкін бе? Бұл мәселе қаралып жатыр. Білім деңгейін бағалау бойынша жүйе өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Оның айтуынша, стандартталған тестілеу мәселесі тек біздің елде ғана өзекті емес.
Бұдан бөлек, ведомство басшысы жатақханамен қамтамасыз ету, ЖОО оқытушыларына ғылыми дәрежелері үшін қосымша ақы төлеу, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден келген талапкерлерге грантқа квоталар бөлу мәселелеріне қатысты сұрақтарға да жауап берді.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа оқу бағдарламалары, мектептер мен жазғы лагерьлердегі қауіпсіздік жүйесі, кадр іріктеу, мектептегі буллингпен күрес және оның алдын алу туралы сұрақтарға жауап берді.
Сауда және интеграция министрлігінің басшысы Арман Шаққалиев Ирандағы қайғылы оқиғаның бірлескен сауда айналымына тигізуі мүмкін салдары туралы айтып, Таяу Шығыс елдерімен шикізаттық емес тауарлар экспортын кеңейту және сату нарықтарын ұлғайту перспективалары туралы айтты. Сондай-ақ ол отандық сүт фермаларының өнімдерінің бағасын белгілеу мәселесі мен перспективалары жайлы түсініктеме жасады.
#ҒЖБМ #ҚР Оқу-ағарту министрлігі #ҚР Сауда және интеграция министрлігі #Үкімет отырысыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу