Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг: әлеуметтік-экономикалық даму және жылу беру маусымының барысы

Үкімет үйінің Баспасөз орталығында Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг өтті. Оған ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, сондай-ақ энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қатысты.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Роман Скляр еліміздің жылу қуатын «жөндеу науқанына» 146 млрд теңге бөлінгенін атап өтті. Бұл өткен жылы бөлінген қаражаттан 4 есе көп. Осының арқасында қазандықтардың пайдалы әсер коэффициенті артты. Ол сондай-ақ қай ЖЭО мемлекет балансына өткені, не өзгергені және елдегі тозған желілерді ауыстыруға қанша уақыт кететіні туралы айтып берді.

Энергетика министрлігінің басшысы өңірлік ЖЭО жұмысындағы «техникалық ақаулар» ұғымының айырмашылығын түсіндіріп, электр энергетикалық қуаттарды жаңғырту және қалпына келтіру жөніндегі Үкімет бекіткен бағдарлама, жүргізілген жұмыс туралы айты.

Ерұлан Жамаубаев Ұлттық қордан балалар қанша алатыны, зейнетақы аударымдарының жеткіліктілік шегі неге сол деңгейде қалғаны және бюджетке түсетін түсімдердің ненің әсерінен өсетіні туралы сұрақтарға жасау берді.

#Брифинг #Энергетика #Қаржы #Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу