Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг: авиация саласын дамыту және стихиялық қоқыстарды жою

Үкімет үйінің Баспасөз орталығында Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг өтті. Көлік министрі Марат Қарабаев, сондай-ақ Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы Ерлан Нысанбаев журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Белгіленбеген жерлерге қоқыс шығарғаны үшін айыппұл мөлшері қаншалықты өседі? Бұл шара бірінші кезекте кімге әсер етеді? Жалпы Қазақстан жаһандық климаттың жылынуымен қалай күреспек? Осы және басқа да мәселелер туралы еліміздің бас экологы егжей-тегжейлі айтып берді.

Марат Қарабаев отын алымдары, ұлттық теміржол компаниясының жұмысы және жеңілдетілген авто несиелеу туралы сұрақтарға жауап берді.

#Брифинг #Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу