Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг: бөлшектенген бюджет, жылыту маусымы және егін жинау маусымы

Үкімет үйі баспасөз орталығында Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг өтті. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басшысы Қанат Шарлапаев, сондай-ақ энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

«Сән-салтанатқа салынатын салықты» кімдер және қандай мөлшерде төлейді? Бөлшектенген бюджет қай ведомстволардан басталады және доллар бағамының өсуі экономикаға неліктен тиімді? Бұл туралы ҰЭМ басшысы Әлібек Қуантыров мәлімдеді.

Қанат Шарлапаев өзі басшылық ететін ведомство орынсыз салынған құрылыс жұмыстарымен қалай күресетінін, сонымен қатар құрылыс салушыларға қандай талаптар қойылатынын және тұрғын үйді іргетасы құйылған сәттен бастап брондау келісім-шартына неге қарсы екенін түсіндірді.

Энергетика вице-министрі өңірлердегі ЖЭО-лардың жылыту маусымына дайындығы, отын жеткізу және Астананы газбен қамту туралы сұрақтарға жауап берді.

#Брифинг #ҚР ЭМ #ҚР Ұлттық экономика министрлігі #Құрылыс

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу