Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг: өңдеу өнеркәсібін дамыту және жол қозғалысқауіпсіздігі

Үкімет үйінің баспасөз орталығында Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг өтті. Журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға өнеркәсіп министрі Қанат Шарлапаев, ТЖ министрі Сырым Шәріпханов, ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев, көлік министрінің міндетін атқарушы Талғат Ластаев жауап берді.

Саусақ ізі мен жалпыға танымал iPhone телефондары арасында қандай ортақ дүние бар? Қарапайым мысал келтіре отырып, генерал М.Қожаев 2016 жылы қабылданған, алайда 2024 жылдан бастап күшіне енетін Заңның нормаларын түсіндірді. Сондай-ақ журналистерді «жолдың қазылып кеткен ой-шұңқыры жол апатының орын алуына себеп болған жағдайда өтемақы төлене ме?» деген сұрақ қызықтырды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі дүниеден өтіп кеткен жандардың аты-жөнінен тұрғын үй кезегін қалай тазартпақ? Неліктен бүгінде жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламалары қолданыста жоқ және ведомствода қандай стратегия ұстанады? Отандық жүн өңдеу кәсіпорындары қалай аяққа тұрмақ? Аталған сұрақтарға Қанат Шарлапаев егжей-тегжейлі жауап берді.

Сырым Шәріпхановқа «құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге арналған әлеуметтік пакет, барлық бөлімшелер қашан толықтай техникаға ие болады және отандық “командос” болашақ АЭС жағдайында жұмыс істеуге дайын ба?» деген сынды сұрақтар қойылды. 

Талғат Ластаев Қарағанды ​​облысындағы екі ұшқыштың өмірін жалмаған ұшақ апатына қатысты тергеу нұсқалары туралы сұраққа жауап берді.

#Брифинг #Көлік #ҚР ІІМ #ҚР ТЖМ #Үкімет отырысы #Өнеркәсіп

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу