Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг: педагог мамандарды даярлау

Үкімет үйінің баспасөз орталығында Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг өтті. Оған ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.

Саясат Нұрбек тілшілердің Алматыдағы хостелде болған қайғылы оқиға, студенттердің тұрмыстық жағдайын тексеру және отандық ғылымды, оның ішінде, өндірістік-ғылыми жаңалықтары бар жобаларды бұрын-соңды болмаған көлемде қаржыландыру жөніндегі сұрақтарына жауап берді.

Ал оқу-ағарту министрі қызылша ауруының таралуына байланысты мектептердегі қазіргі жағдайдың қандай деңгейде екенін, аз қамтылған отбасыларына биылғы қыста қандай материалдық көмек берілетінін, сабақ кезінде оқушылардың телефон қолдануына тыйым салудың себебі жөнінде айтты. Бұдан бөлек, білікті мамандарды дайындауға қатысты өзекті сұраққа да жауап берді. Ғани Бейсембаевтың айтуынша, педагогикалық мамандықтардың 4-курс студенттері оқу үлгеріміне қарай, жұмыс істей алуы мүмкін. Бұл олардың оқып жүріп, тәжірибе жинақтауына үлкен мүмкіндік болмақ.

#Брифинг #ҒЖБМ #ҚР Оқу-ағарту министрлігі #Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу