Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг: теміржол саласын дамыту және мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту

Үкімет үйінің баспасөз орталығында Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг өтті. Тілшілердің сұрақтарына цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, көлік министрі Марат Қарабаев және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев жауап берді.

Цифрлық ведомство басшысы Starlink жүйесі неге «сұр аймақ» болып саналатыны туралы айтып, оны Қазақстан территориясында пайдалануға заң бойынша рұқсат етілмегенін түсіндірді.

Цифрлық мүмкіндіктер көлік жүргізушілерін салынған айыппұлдар жөнінде хабарсыз қалдырмайды. Бұл туралы Көлік министрлігінің басшысы ақылы жолдар туралы сұраққа жауап бергенде еске сала кетті. 

Пойыз билеттерін алыпсатарлармен күрес, жолаушы вагондарының тапшылығы және қай бағыттарда жүк пойыздарының рельстен шығып кетуі жиі кездеседі және қалай оның алдын алуға болады –  осы мәселелер жөнінде ҚТЖ басшысы жауап берді.

#Брифинг #Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу