Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг: жұмыспен қамту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

Үкімет үйінің баспасөз орталығында Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг өтті. Журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жауап берді.

Еңбек министрі кеншілер мен металлургтер 55 жастан бастап әлеуметтік төлемдерді алуы үшін қандай талаптарға сай болуы керектігін және сақтандыру жүйесіне қанша такси жүргізушісі қосылғанын айтты.

Аида Балаева петиция туралы заңның ерекшеліктері, сондай-ақ «Мыржақып. Оян, қазақ!» фильмінің көрсетілімі туралы сұрақтарға жауап берді.

«Халықтың сенімі артып келеді». Ішкі істер министрінің орынбасары полицияға түсетін шағымдар статистикасының өсуін осылай түсіндірді. Оның сөзінше, шағымдардың басым бөлігі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты. Игорь Лепеха қазір отбасында ұрыс-керіс шығарғандардың жазасыз қалмайтынын және бұл үшін көршілерінің қоңырауы жеткілікті екенін атап өтті.

#Брифинг #ҚР ІІМ #ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі #ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу