Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг: жыл басынан бергі әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылуы

Үкімет үйінің Баспасөз орталығында Үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифинг өтті. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Ұлттық экономика министрі қаңтардан бастап инфляцияны төмендету бойынша шаралар кешені жүзеге асырылып жатқанын айтты. Атап айтқанда, импортты алмастыру, сауда үстемесін ұстап тұру мәселелері шешілді, делдалдармен жұмыс жүргізіліп, форвардтық сатып алулар жасалынды және Тұрақтандыру қорлары толтырылды. Нәтижесінде инфляция деңгейі 2 есе төмендеді, сондай-ақ бұл процесс жалғасып келеді. Оған қоса министр инфляция қатты әсер ететін тауарлар тобын атады.

#Брифинг #ҚР Ұлттық экономика министрлігі #Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу