23 Шілде 2024, 20:17
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаров, ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов пен ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Индира Сәркенова бірқатар маңызды мәселелер жайында тілшілердің сұрақтарына жауап берді.
Денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, сапалы алғашқы медициналық көмекпен қамтамасыз ету, мұқтаждарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Ақмарал Әлназарова COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцина шығаратын зауыттың жұмысы туралы, сондай-ақ әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі реформалар мен саланы цифрландыру жөнінде айтып берді.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі шегірткемен күресте жүргізіліп жатқан шаралар жөнінде, сонымен қатар монодақыл егіс алқаптарын азайту, мал шаруашылығын субсидиялау және ветеринария саласындағы жаңалықтар туралы баяндады.
#Ауыл медицинасы #Ауыл шаруашылығы #Денсаулық сақтау #Үкімет отырысыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу