10 Қыркүйек 2024, 18:39
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова және оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатына қатысты.
Тамара Дүйсенова Президенттің әлеуметтік сала бойынша берген тапсырмаларын іске асыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы, атап айтқанда, жоғары білім беру жүйесіндегі реформалар, МӘМС жүйесін кеңейту, сондай-ақ кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау жөнінде айтып берді.
Саясат Нұрбек жоғары білім беру жүйесіне сараланған грант енгізілетінін мәлімдеді. Министрлік биылдан-ақ жобаны пилоттық режимде енгізуді бастап кеткен. Енді гранттар ҰБТ-да жоғары балл алған, бірақ таңдаған мамандығы бойынша жоғары бәсекелестік салдарынан ЖОО-ға қабылданбаған түлектерді қолдауға да бағытталатын болады.
Оқу-ағарту министрі елімізде кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау жоспарланып отырғанын, нәтижесінде 100 технологиялық көшбасшы қалыптасатынын айтты. Осы мақсатта техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бағалау жүйесінің жаңа жобасы әзірленген.
Өз кезегінде Ақмарал Әлназарова медициналық сақтандыру жүйесіндегі реформа туралы айтып берді. Оның аясында 13 аурудың 7-уі ККТМК-тен МӘМС-ке көшіріледі.
Денсаулық сақтау саласының басшысы жедел жәрдем қызметі, әлеуметтік мәні бар аурулар және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қарастырылған пакет сақталады деп түсіндірді.
#Брифинг #Білім беру #Денсаулық сақтау #Жұмысқа орналастыру #Тамара Дүйсенова #Үкімет отырысыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу