Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі және жас мамандарға арналған public talk — М. Пішембаев Қазақстан машина жасаушыларының VII форумы жайлы

Бейсенбі, 12 Қыркүйек 2019, 17:06:38

Бүгін ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясынде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ төрағасы Мейрам Пішембаев ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында машина жасау саласын дамыту туралы, сондай-ақ, осы күндері өткізіліп жатқан Қазақстан машина жасаушыларының VII форумы жайында айтып берді.

2019 жылғы 12-13 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен Экспо Конгресс-орталығында Қазақстан машина жасаушыларының VII Форумы өтіп жатыр. 

Отырыстарға Германия, АҚШ, Жапония, Италия, Чехия, Ресей, Қытай және т. б. секілді әлемнің 20-дан астам елінен келген мыңнан астам шетелдік делегаттар қатысуда.

Форумда жаңа заман талабы жағдайында саланы дамытудың стратегиялық бағыттары, импорт алмастыру, өндірісті ынталандыру, жас мамандардың мәртебесін арттыру, цифрландыру жағдайында жаңа тәсілдерді талқылау секілді маңызды және өзекті тақырыптар талқыланады.

«Бүгін ҚР машина жасау саласын дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасын, саланы цифрландыру, біздің саланың бәсекеге қабілеттігін арттыру мәселелерін талқылау жөніндегі панельдік сессиялар өтіп жатыр», — деді М. Пішембаев.  

Форум жұмысы барысында ол мемлекет пен бизнестің, шетелдік серіктестерің нақты диалог алаңына айналды. Форум қазақстандық кәсіпкерлерге инвесторлар тауып, машина жасау жақсы дамыған елдердің жоғары технологияларын тартуға мүмкіндік береді. 

Биылғы Форумның ерекшелігі ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы  Н.Ә. Назарбаев жариялаған Жастар жылын назарға ала отырып, негізгі іс-шаралардың жастар әлеуетін дамытуға арналуымен негізделеді. Атап айтқанда мыналар өткізіледі: студенттер үшін дәстүрлі бос

жұмыс орындары жәрмеңкесі, жас мамандарға арналған көпшілік алдында сөйлесу (public talk), оқушылар арасында роботты техника бойынша конкурс.

Ертең Форум аясында 9 секция аясында отырыстар өтеді.

«Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев еңбек өнімділігін кем дегенде 1,7 есеге арттыруды тапсырды.

Сондай-ақ, Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында салықтық, қаржылық, әкімшілік ынталандыруды қоса алғанда, жоғары өнімді орта бизнесті қолдау бойынша шаралар кешенін әзірлеу тапсырылды. 

М. Пішембаевтың айтуынша, Машина жасау саласын дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған жол картасында ҚР Президентінің Жолдауының көрсетілген тармақтарын іске асыру шаралары бар. 

«Жол картасы қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігін арттыру, экспорттық әлеуетті ұлғайту, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында әзірленді», — деді «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ төрағасы. 

Егер 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы өнеркәсібінің өсімі 4,1% құраса, онда аталған кезеңде машина жасау өндірісі көлемінің өсімі 14,1% құрады, ақшалай мәнінде рекордтық 1,1 трлн теңгені құрады. 2019 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша машина жасау өндірісінің көлемінің өсімі 18% құрады. 

«Дегенмен біз осы қол жеткізілген деңгейде тоқтап қалмаймыз. Бізде импортты алмастыру, мұнай-газ жабдықттарын өндіруді ұйымдастыру бойынша үлкен міндеттер алға қойылған. Ауыл шаруашылығы машинасын жасауда ауқымды жұмысты атқару қажет, оның көрсеткіштерін біз 5 жылда кем дегенде 2-3 есеге көтеруіміз керек. Біз шаруаларды өндіріс құралдарымен – комбайндар, тракторлар, егіс кешендерімен қамтамасыз етуіміз қажет», — деді М. Пішембаев.   

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 11:47
Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:43
Мереке Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:37
Ибрагим Күлшімбаев ҚР төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 17:02
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Қазан 2020, 13:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 13.10.2020
13 Қазан 2020, 13:14
Болжамды нақтылаудың негізгі міндеті дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету және СOVID-19 бойынша алдын алу шараларын қабылдау болды — Ә. Смайылов
13 Қазан 2020, 13:01
Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 16,6%-ға өсті — Б. Атамқұлов
13 Қазан 2020, 11:35
Мемлекеттік бюджет шығыстары 99,5%-ға атқарылды — Қаржы министрлігі
13 Қазан 2020, 11:13
Ұлттық банк қаржылық қызметтерді алу үшін қашықтан биометриялық сәйкестендіру сервисін іске қосты
13 Қазан 2020, 10:22
Биыл 9 айда Қазақстанда денсаулық сақтауға салынған инвестиция 85,7%-ға артты — ҚР ҰЭМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.