28 Сәуір 2026, 18:30
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірованың, энергетика вице-министрі Ілияс Бақытжан, көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров, ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Ростислав Коняшкин Қазақстанда мемлекеттік қызметтер қарқынды түрде онлайн-форматқа ауысып жатқанын атап өтті. Басты мақсат – қызметтерді цифрландыру, оларды азаматтардың ХҚКО-ларға келудің қажеті болмайтындай ыңғайлы ету.
Сондай-ақ, бүгінде республикада мемлекеттік органдармен бірлесіп цифрлық трансформация карталары енгізіліп жатқаны атап өтілді. Бүгінгі таңда 72 сала мен қызмет бағыттарын қамтитын 20 карта бекітілді.
Мақсат Қалақпаров көлік-логистика саласына ЖИ енгізу процестерді жеңілдетуге, шығындарды азайтуға және елдің транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталғанын атап өтті. Трансформацияның негізгі құралы мемлекеттік органдар мен бизнесті біріктіретін Smart Cargo платформасы болмақ. Жүйе QR кодтары арқылы жүк деректеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді, құжаттарды автоматты түрде тексереді, бағдарлар салады және қажетті рұқсаттарды анықтайды. Бұл шекарадан өту уақытын 4 сағаттан 30 минутқа дейін қысқартады деп күтілуде.
Сондай-ақ, баспасөз конференциясы барысында Қазақстанда «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша стипендияларды 10-15%-ға арттыру мүмкіндігі қарастырылатыны сөз болды. Бұл бағдарлама бойынша стипендия 15 жылдан астам уақыт бойы өскен жоқ, бірақ инфляция бүкіл әлемде өсуде. Сондықтан кейбір елдерде стипендия шығындарды жабуға жетпейді, оның мөлшері әр елге, әр қалаға қатысты әртүрлі болып келеді. Осы ретте стипендияның өсуі орта есеппен 10-15% аралығында болмақ, алайда жекелеген елдер мен қалаларда өсім жоғары болуы мүмкін.
#Баспасөз конференциясыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу