31 Наурыз 2025, 14:36
Сейсенбі, 1 сәуір күні, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібі – мемлекеттік қызмет саласын дамыту мен цифрландыру.
Отырыс қорытындысы бойынша ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкиннің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу