30 Маусым 2025, 14:15

Сейсенбі, 1 шілде күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібі – сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін дамыту, цифрландыру мен су үнемдеу технологияларын енгізу шаралары.
Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:
ҚР су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов;
ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов қатысады.
Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу