09 Қараша 2026, 16:06

Сейсенбі, 10 қараша күні сағат 9:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібі:
жылу беру маусымының барысы;
жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі.
Отырыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер:
ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженов;
ҚР төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов;
«KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов;
«Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Аңсар Айдаров.
Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу