10 наурызда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 10 наурызда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібінде — Қазақстан Республикасының 2020 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің, ҚР еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың және ҚР қаржы бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұловтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.KZ порталынан, YouTube ресми арнасынан, Aitube.kzFacebookTwitter«ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу