11 қаңтар күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді 

https://lh3.googleusercontent.com/KwJBQZiSsPyVxwYL5Y_-HkQlG-oj9tFotrSE6JvS_H7-Q8t2LkRj3ERfKsRn6tbBj0RhKCdwrFO7yXSyvnmP4XeQauVULK_3RWJrYN47FLzxRsaI_oxK0ShDAxyQ5bVVajBnblmw1IsDuGGpVg

Сәрсенбі күні, 11 қаңтарда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы;
  • Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту жөніндегі шаралар.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу