11 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 11 қыркүйекте, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібінде:

• 2018 ж. сегіз айындағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары.

• Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мәселелері.

• Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнаманы жетілдіру.

Отырыстың қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу