Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

12 ақпанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

11 ақпан 2019, 10:34
Фото: primeminister.kz

Сейсенбі күні, 12 ақпанда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібінде:

  • 2019 жылғы қаңтардағы ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындылары.

  • Тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу және 2019 жылғы су тасқыны кезеңіне орталық және жергілікті атқарушы органдардың даярлығы.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Ю. Ильиннің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз