12 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі, 12 қараша күні, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары;

  • халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.  

Отырыс қорытындысы бойынша төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев, «СК-Фармация» ЖШС басқарушы директоры Гүлнар Омарованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.  

Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу