13 қарашада Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 13 қарашада, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібінде:

  • 2018 жылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің орындалу қорытындылары.

  • Геология саласы мен жер қойнауын пайдалануды дамыту.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу