13 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі, 13 қазан күні, сағат 15:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі – 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауларында берілген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Спикерлер:

  • ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин;

  • ҚР қаржы министрі Мәди Такиев;

  • ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов;

  • ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков.

Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу