14 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Дүйсенбі күні, 14 қазанда, сағат 09.00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

Күн тәртібінде: 

  • 2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі республикалық бюджеттің орындалуы және әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары;

  • Астық жинау науқанының аяқталуы мәселелері.

ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрмановтың, сондай-ақ «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры Нұрбек Даирбековтың қатысуымен ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы баспасөз конференциясы өтеді. 

Үкімет отырысының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.KZ порталынан, YouTube ресми арнасынан, FacebookTwitter«ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу