14 шілде күні Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді

Сейсенбі, 14 шілде күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі — 2026 жылғы қаңтар-маусым айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы.

Отырыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтеді.

Спикерлер: ️

  • ҚР ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов; ️

  • ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов; ️

  • ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.

Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу