15 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі, 15 сәуір күні, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі:

  • 2025 жылғы өртке қарсы маусымға дайындық бойынша қабылданып жатқан шаралар;

  • су тасқыны жағдайы.

Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:

- су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, 

- экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев,

- төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев қатысады.

Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.

#Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу