Сейсенбі күні, 12 қыркүйекте, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.
Күн тәртібінде:
астық жинау жұмыстарының барысы,
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің жобасы және ілеспе заң жобасы,
халықты дене шынықтыруға тарту және спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар.
Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ұлттық экономика және қаржы министрліктері басшыларының қатысуымен брифинг өтеді.
Үкімет отырысы мен баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, Facebook, Вконтакте, Twitter, Periscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының әзірленуі мен жүзеге асырылуына қатысты депутаттық сауал