«Экспо-2017» көрмесінде ұсынылған, климатқа зиянды заттардың әсерін төмендету жобалары туралы баспасөз конференциясы өтеді

Дүйсенбі күні, 6 қарашада сағат 11:30-да, ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Экспо-2017» көрмесінде ұсынылған, климатқа зиянды заттардың әсерін төмендету жобалары туралы баспасөз конференциясы өтеді.

«Энергия үнемдеу және энергия тиімді технологиялар» ҒЗИ директоры, профессор, техника ғылымдарының докторы Алтай Әлімғазин, сондай-ақ, «Көмір химиясы және технологиялар институты» директоры, химия ғылымдарының докторы Болат Ермағамбет шара спикерлері болады.   

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу