21 қарашада Үкімет үйінде ҚР Үкіметі отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 21 қарашада, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • экспортты ынталандыру шаралары;

  • ҚР биологиялық әралуандығын сақтау және орнықты пайдалану мәселелері;

  • әлеуметтік және еңбек салаларын цифрландыру.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында инвестициялар және даму министрлігі және «Kazakh Export» АҚ басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Үкімет отырысы мен баспасөз конференциясының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу