09 Сәуір 2018, 10:11
Сейсенбі күні, 10 сәуірде сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.
Күн тәртібінде:
• Мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері;
• Жекешелендіру жүргізу барысы;
• Білім беру саласын цифрландыру.
Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Склярдың, «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ вице-президенті Айдос Көбетовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу