29 мамырда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 29 мамырда сағат 10:00-де Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібінде:

 

  • Ауыл шаруашылығы кооперациясын одан әрі дамыту.
  • Каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және іспен шұғылдануын ұйымдастыру.
  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін жетілдіру шаралары.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниевтің қатысуымен брифинг өтеді. 

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук«Вконтакте»ТвиттерПерископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу