«Бес әлеуметтік бастама» аясында шағын несие беруді көбейту туралы брифинг өтеді

Бейсенбі күні, 7 маусымда, сағат 11:20-да ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру аясында шағын несие беруді көбейту туралы баспасөз конференциясы өтеді. 

ҚР ЕХӘҚМ халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаментінің директоры Жеңісбек Дулатов шара спикері болады. 

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук«Вконтакте»ТвиттерПерископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу