«Бес әлеуметтік бастама» аясында студенттердің баспана жағдайларын жақсарту туралы баспасөз конференциясы өтеді

Дүйсенбі күні, 18 маусымда, сағат 11:20-да Үкімет үйінде «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру аясында студент жастардың баспана жағдайларын жақсарту туралы» баспасөз конференциясы өтеді.  

ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов шара спикерлері болады. 

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук«Вконтакте»ТвиттерПерископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу