29 Маусым 2018, 12:29
Дүйсенбі күні, 2 шілдеде, сағат 15:00-де Үкімет үйінде ҚР Президенті Жолдауының алтыншы бағыты аясында АХҚО жұмысы туралы баспасөз конференциясы өтеді.
Шара спикерлері:
«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов,
АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитетінің (AFSA) басқарушы директоры Мұхтар Бөбеев,
Astana International Exchange (AIX) АХҚО Биржасының басқарма төрағасының орынбасары Әмина Тұрғұлова,
«АХҚО әкімшілігі» АҚ цифрлық технологиялар жөніндегі директоры Әсел Жанасова.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу