17 шілдеде Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 17 шілдеде, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібінде:

  • Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының осы жылдың І жарты жылдығындағы іске асырылу қорытындысы;

  • Жекешелендіруді жүргізу барысы;

  • «Ақылды қалаларды» іске асыру мәселелері.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрайымы Е. Бахмутованың қатысуымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) көшуге дайындық туралы баспасөз конференциясы өтеді.  

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук«Вконтакте»ТвиттерПерископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу