17 желтоқсан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сәрсенбі, 17 желтоқсан күні, 9:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі — 2025 жылғы қаңтар-қараша айындағы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы.

Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:

  • ️ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин;
  • ️ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов;
  • ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов қатысады.  

Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу