30 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 30 қазанда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібінде:

  • Өнімді жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы.

  • ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарының жобасы.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышевтің, ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту жəне еңбек нарығын дамыту департаменті директорының м.а. Жеңісбек Дулатовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу