ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сату қорытындылары туралы баспасөз конференциясы өтеді

Бейсенбі күні, 1 қарашада, сағат 15:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сату қорытындылары туралы баспасөз конференциясы өтеді.

ҚР энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа шара спикері болады.

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу