6 қарашада Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 6 қарашада, сағат 15:00-де Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысы өтеді. 

Күн тәртібінде:

  • «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының 2018 жылғы тоғыз айдағы іске асырылу барысы. 
  • Бизнес-ортаны одан әрі жақсарту жөніндегі шаралар.
  • Астананың азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі жол картасын өзектілендіру және іске асыру барысы.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниевтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу