25 желтоқсанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 25 желтоқсанда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

Отырыстың күн тәртібінде:

  • Жылу беру маусымының өту барысы;

  • Тарифтер мен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын төмендету жөніндегі шаралар;

  • Суармалы жерлерді дамытудың 2028 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.  

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу