18 наурыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі, 18 наурыз күні, сағат 9:00-де Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді.

Күн тәртібі — креативті индустрияны дамыту және мәдениет пен өнер салаларын цифрландыру.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу