26 наурызда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 26 наурызда сағат 09.00-де Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді.  

Күн тәртібінде:

  • ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық Банкінің арасындағы 2019 жылға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім;

  • ҚР Индустриалдық-инновациялық дамуының 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы;

  • Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасы. 

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайыловтың, ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың және ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Жанат Құрмановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу