9 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 9 сәуірде, сағат 09:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді. 

Отырыстың күн тәртібінде:

  •  «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы.

  • Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын іске асыру аясындағы әлеуметтік жобалар. 

Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметтің баспасөз орталығында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу