25 сәуірде Мәскеуде ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен РФ Үкіметінің Төрағасы Д. Медведевтің кездесуі өтеді

2019 жылғы 25 сәуірде Мәскеу қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен РФ Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевтің кездесуі өтеді.  

Тараптар кездесу барысында сауда-экономикалық, транзиттік-көлік, отын-энергетика, ғарыш салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және кеңейту мәселелерін талқылайды. Аймақаралық және шекара маңы ынтымақтастығын дамыту келешегін қарау көзделген.

ҚР және РФ Үкіметтерінің басшыларының кездесуі шағын және кеңейтілген құрамдарда өтеді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу